Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке екі бап бойынша айып тағылды

Ташиев тағылған айыппен келіспей отыр.

 Игорь Коваленко / ЕРА / ТАСС Бүгiн 2026, 09:41
Бүгiн 2026, 09:41
152
Фото: Игорь Коваленко / ЕРА / ТАСС

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды. Бұл туралы Kaktus.media редакциясына оның адвокаты Икрамидин Айткулов мәлім етті.

Адвокаттың айтуынша, Ташиевке Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 326-бабы - «Билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер» бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар оған 337-бап - «Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану» бойынша да айып тағылды. Атап айтқанда, бұл баптың 2 және 4-бөліктері қамтылған. Яғни, жеке басының немесе өзге адамдардың пайдасы үшін артықшылықтар алу мақсатында, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын тұлға тарапынан жасалған әрекеттер туралы сөз болып отыр.

Белгілі болғандай, Қамшыбек Ташиевке елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Адвокат Икрамидин Айткуловтың сөзінше, оның қорғауындағы азамат тағылған айыптарды мойындамайды.

Еске салайық, 29 сәуірде Қырғызстан Ішкі істер министрлігінде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев, экс-депутат Курманкул Зулушев және Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы Нурланбек Тургунбекуулунан жауап алынғаны хабарланған еді. Құқық қорғау органдары ол кезде айыптың нақты мән-жайын жариялаған жоқ. 

Оқи отырыңыз: 

"Президенттің ең жақын серігінен – сатқындыққа дейін": Қамшыбек Ташиев жайлы не белгілі? 

Наверх