Қырғызстанда Ташиев пен тағы екі экс-шенеунік мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша тергеліп жатыр

Қырғызстанда Камчыбек Ташиев пен тағы екі бұрынғы жоғары лауазымды тұлға мемлекеттік төңкеріс әрекеті және жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша тергеліп жатыр.

Бүгiн 2026, 12:13
АВТОР
 Игорь Коваленко/ЕРА/ТАСС Бүгiн 2026, 12:13
Бүгiн 2026, 12:13
175
Фото: Игорь Коваленко/ЕРА/ТАСС

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Камчыбек Ташиев, экс-депутат Курманкул Зулушев және Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу жауапқа тартылды. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Басылым мәліметінше, аталған тұлғалар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты істер аясында бірнеше сағат бойы тергелген. Кейін олар ведомство ғимаратынан шыққан.

Құқық қорғау органдары әзірге айыптың нақты мән-жайын жариялаған жоқ. Алайда дереккөздердің айтуынша, іс «75 хат» деп аталған оқиғамен байланысты.

Бұған дейін 75 адам Садыр Жапаров пен Жогорку Кеңеш спикеріне мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдағаны хабарланған еді.

Осыдан кейін Камчыбек Ташиев ҰҚМК төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Сондай-ақ комитет құрылымында қайта ұйымдастыру жүргізіліп, бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер қызметінен кеткен. Нурланбек Тургунбек уулу спикерлік өкілетін тоқтатса, Курманкул Зулушев депутаттық мандатын тапсырған.

Кейін бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, «75 хатқа» қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалған. Оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Наверх