Қырғызстан президенті Тоқаевқа алғыс айтты

3 Қараша 2023, 13:59
483
Бөлісу:
Қырғызстан президенті Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздерді Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде көргеніме қуаныштымын. Бүгін біз қарқынды дамып жатқан Түркі әлемінің астанасы – Астана қаласына келіп отырмыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына ризашылығымды білдіргім келеді. Саммиттің жоғары деңгейде өткізілуі, сонымен қатар қонақжайлығы үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Қырғызстан президенті.

Жапаров саммитте Түркия республикасының да жетістіктерін атап өтті. Ол атап өткендей, Ататүрік бастамасымен Түркия өзінің бірлігін көрсетті. Өзінің ғасырлық тарихында Түркия айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда бүкіл әлемде құрметті елдердің бірі.

Ол Әзербайжанды да территориялық аумақтығын қалпына келтіруімен құттықтады.

Айта кетейік, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Шара барысында Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Референттік орталығын құру туралы ұсынысын айтты.

Өзгелердің жаңалығы