Стандарттар жүйеленген жөн. Тоқаев Түркі елдеріне ұсыныс айтты

3 Қараша 2023, 13:56
559
Бөлісу:
Стандарттар жүйеленген жөн. Тоқаев Түркі елдеріне ұсыныс айтты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркі мемлекеттерінің қатар дамуы өте маңызды. Біз мемлекеттеріміздің стандарттары және терминологиясын жүйелеген жөн деп санаймыз. Осыған байланысты модельдік заң жобасын қысқа мерзім ішінде қарап, оны мақұлдауға шақырамын. Бұл бастама тауарларымызды ортақ нарыққа еркін шығаруға жол ашады. Ал бірыңғай стандарттар ішкі жалпы өнімді жыл сайын шамамен 1 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Қазір елдеріміздің ішкі жалпы өнімі 1,4 триллион долларға жуықтады. Биыл ұйым мүшелері арасындағы тауар айналымы 22 миллиард доллардан асты. Ортақ талаптар бекітілсе, бұл көрсеткішті 1,5 есе ұлғайтуға болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінше, Түркі мемлекеттері ұйымының Референттік орталығын құру керегін айтты. Бұл орталық өнімді сынау нәтижелерін өзара тануға, сондай-ақ химия және тамақ өнеркәсібі салаларында жаңа зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Ұйым қызметін оңтайландыру шараларын жалғастыру керек. Осыған орай Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдерімізді тағайындау мәселесін тезірек шешуге шақырамын. Сондай-ақ хатшылық қызметкерлерінің санын көбейту туралы ұсынысты қолдаймыз. Түркі мемлекеттерінің сайлау саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажет. Орталық сайлау органдарының консультативтік кеңесін құруға болады. Соңғы кезде біздің ұйымға халықаралық және аймақтық құрылымдардың қызығушылығы арта түсті. Біз Экономикалық ынтымақтастық ұйымына байқаушы мәртебесін беру туралы бастаманы қолдаймыз. Сонымен қатар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ынтымақтастық орнатуды ұсынамыз, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы