Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаменті қызметкерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған видеоға Бас прокуратура жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ Комитет Төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Жамбыл облысы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің департаменті қызметкері әлеуметтік желі арқылы басшылықтың әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасаған еді.
Ол қылмыстық істердің бірыңғай тізілімі базасынан кейбір деректердің заңсыз түрде өшірілетінін айтады. Оның сөзінше, бұл қадамдар қылмыстың ашылуы туралы статистикаға тікелей әсер етеді.