Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

9 Ақпан 2023, 16:00
907
Бөлісу:
Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Бүгін министр Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде Д.Қыдырәлі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жетекшілік ететін салаларға қысқаша тоқталып өтті.

Кездесу барысында тараптар медиа, жастар салалары бойынша ортақ жобалар жасау мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы