Абай облысында құтқарушылар қысқы жайлаудан науқас сәбиді дәрігерлерге жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
2023 жылы туған науқас баланы қыстақтан тасымалдау қажеттілігі туралы хабарлама Аягөз қаласының өрт сөндіру бөліміне келіп түскен. Хабарламаны алғаннан кейін құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері арнайы техникамен отбасыға көмек көрсетуге аттанды, — деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар қысқа мерзімде қыстаққа кетіп, баланы фельдшер қарап шыққан соң, анасымен бірге Алматы – Өскемен трассасына эвакуациялады. Ол жерде оларды жедел жәрдем көлігі күтіп тұрды.
Құтқарушылар мен дәрігерлер үйлесімді жұмыс істеп, баланың жағдайын тезірек бақылауға алу үшін барынша жедел әрекет етті.