Құтқарушылар Алматы облысындағы 140-қа жуық ауланың суын сорды

22 Шілде 2023, 02:35
546
Бөлісу:
Құтқарушылар Алматы облысындағы 140-қа жуық ауланың суын сорды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ Алматы облысындағы Талғар өзенінің тасуына қатысты соңғы ахуалды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл ауданында Шиен ауылдық округінің Шиен ауылында жергілікті атқарушы органның күштері мен құралдары, Ұзынағаш ауылының 4-ӨСБ өрт сөндірушілері, сондай-ақ 28237 әскери бөлімінің қызметшілері 138 жеке тұрғын үй аулаларынан, үйлердің 10 жертөле үй-жайынан су сорып шығарған.

Ведомство мәліметінше, қалған су қалдықтары топыраққа сіңіп кетті. Жағдай тұрақты.

Талғар ауданында Талғар өзенінің бойында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Қазіргі уақытта Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 37 текше метрді құрайды. Гидротехникалық құрылыстың су өткізу қабілеті секундына 70.5 текше метрді құрайды. Мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдау мақсатында өлшемдер жүргізілуде. Қосымша бақылау бекеттері орнатылды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Жауын-шашын тоқтады, жағдай тұрақты, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы