Құсбегілік республикалық чемпионат басталды

10 Ақпан 2024, 15:25
434
Бөлісу:
Құсбегілік республикалық чемпионат басталды
Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Кеше ШҚО-на қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында 2024 жылға арналған Құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық спорттың бұл түрі алдағы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына енген.

Алдағы үш күн ішінде құсбегілер өзара кіл мықтының арасынан кім мықтыны анықтайды.

Жалпы сайысқа еліміздің 12 облысынан 59 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі әкелінген.

Қатысушылардың арасында әлемге аты белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да бар.

Сайыстың бірінші күні құсбегілер үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені облыс аумағында қатты жел мен ақ түтек боран басылмай тұр.

Айта кетейік, «Құсбегілік» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.

Өзгелердің жаңалығы