Құқығы бұзылмаған. Министр Сандуғаш Дүйсенованың ісі жайында

15 Тамыз 2023, 12:38
705
Бөлісу:
Құқығы бұзылмаған. Министр Сандуғаш Дүйсенованың ісі жайында
Фото: Арман Мухатов - архив

Үкімет кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, біз оқиға болған күні бұған байланысты өзіміздің мәлімдемемізді жасадық. Сонымен қатар, оқиғаның өрбуін қадағалап отырдық. Соған қатысты құқық қорғау органдарының мамандарымен де байланыста болдық. Жалпы біз журналист Сандуғаш Дүйсенованы құрметтейміз және қолдаймыз. Екіншіден, осы мәселеге байланысты оның адвокатымен, көмекшісімен сөйлесіп отырмыз. Жалпы адвокатының өзі де айтқан болатын, осы істе барлығы заң бойынша жүргізілгенін айтты. Заңға қайшы болған жоқ деді. Жалпы біз тергеу барысына араласа алмаймыз. Бірақ, құқықтық қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Дархан Қыдырәлі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет кулуарында Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді.

Өзгелердің жаңалығы