Құлжа тасжолында көлік жуу орны өртеніп кетті

13 Қараша 2022, 14:14
993
Бөлісу:
Құлжа тасжолында көлік жуу орны өртеніп кетті

12 қарашада сағат 21.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында Құлжа тасжолының 27-шақырымында көлік жуу орны өртенді, деп хабарлайдыBAQ.KZ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалын бір қабатты ғимаратты түгел шарпыған. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер өртті сағат 22.49-да сөндірді.

Өртсөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан Есік орталық аудандық ауруханасына ІІ дәрежелі термиялық күйікпен 1982 жылы туған әйел жеткізілді. Күйік орны - 30 пайыз, жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. 1996 жылы туған ер адам II дәрежелі термиялық күйік алған. Денесінің күйік шалған жері - 30 пайыз. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы