Құлсарыда екі күн автобустар жолаушыларды тегін тасиды

12 Сәуір 2024, 10:57
202
Бөлісу:
Құлсарыда екі күн автобустар жолаушыларды тегін тасиды
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Құлсары қаласындағы өмір тасқыннан кейін біртіндеп қалпына келе бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқынынан кейін Құлсарыдағы өмір біртіндеп қалыпқа келе басталды. Қалалық азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сондай-ақ қоғамдық көліктер өз қызметін қайта бастады.

Екі күн ішінде автобустар жолаушыларға өз қызметтерін тегін көрсетеді. Қаланың барлық жерінде коммуналдық инфрақұрылым қосылып жатыр.

Сонымен қатар, құзырлы органдар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін қарастыруда.

Қазіргі уақытта жедел штаб су тасқыны кезінде су басқан аумақтарды құрғатумен айналысып жатыр. Заң бойынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мақсатында арнайы комиссия құрылады, - деп хабарлады Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Айта кетейік, Ұлы Жем өзені өз арнасына түсе бастады.

Өзгелердің жаңалығы