Қуаныш Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

17 Тамыз 2022, 18:08
1188
Бөлісу:
Қуаныш Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдары – Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды. 

2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болды.

Өзгелердің жаңалығы