«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы ұсталғаннан кейін де жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Компанияның хабарлауынша, тасымалдау процесі үздіксіз жүзеге асырылып, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етілуде.
Қозғалыс қауіпсіздігі және тасымалдау кестесінің орындалуы үнемі бақылауда. Компанияның жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелері толық көлемде орындалады, – делінген ҚТЖ хабарламасында.
Еске салайық, 2026 жылғы 11 қарашада Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады. Олармен бірге сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген өзге де адамдар ұсталған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Тағы оқи отырыңыз:
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды: Олар кім және Президент бұған дейін қандай сын айтқан?
Мәртебе құтқармайды: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты сарапшылар не айтты?
Нұртөре Жүсіп: Бұрын тек шабақтар мен шортандар қармаққа ілінсе, бүгін екі бірдей акула ауға түсті