Қостанайлық жауынгерлер жалпы есепте екінші орынға ие болды

5 Наурыз 2023, 20:18
797
Бөлісу:
Қостанайлық жауынгерлер жалпы есепте екінші орынға ие болды
Фото: ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қарағанды қаласында Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының Кубогіне  қатысқан қостанайлық  жауынгерлер жүлделі оралды, деп хабарлайды Қостанайдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сарбаздар  арасында кіл мықтылар сынға түскен  бәсі жоғары бәсекеге Ұлттық ұланның СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды қалаларында Отан алдындағы  борышын өтеп жүрген саңылақ сарбаздар қатысты. 

Үш күнге созылған спорттық  додада күш сынасқан жаынгерлердің нағыз мықтылары ақтық мәреде жүлделі орындарды сарапқа салды.

Бұл жолғы Сарыарқа төсінде өтіп жатқан жауынгерлер арасындағы жарыстың деңгейі өте жоғары. Оны сарбаздардың  мықты  дайындықтарынан аңғару қиын емес. Сынға түсіп жатқан сарбаздардың әрбірінің бойында жеңіске деген жігер бар. Соған қарап бұл жарыстың өңіршеңдігін аңғарамыз, - дейді жарыстың бас төрешісі, Президенттік  көпсайыстың шаңғы мен биатлон жарысы бойныша спорт шеберіне үміткері, Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің  бастығы полковник Александр Апасов.

Қостанайлық жауынгерлер жалпы есепте екінші орынға ие болды

Сонымен қатарынан қары үзіп , жарыста жңіс тұғырына көтерілген қостанайлық сарбаздардың нәтижесіне тоқталсақ.

 62 келі салмақ дәрежесінде сынға түскендердің арасынан  Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ілияс Нығметжанның күміс медалді еншіледі. Ал , 73 келіге дейінгілердің арасында екінші орын  тағыда осы әскери бөлім сарбазы Дмитрий Киндяшевке бұйырды.

Қостанайлық жауынгерлер жалпы есепте екінші орынға ие болды

Жалпы командалық есепте 31 ұпай жинаған  қостанайлық 6697 әскери бөлімі жарыстың күміс жүлдері атанды.

Жеңімпаздарын өңірлік қолбасшылықтың дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы полковник Александр Апасов марапаттап, алдағы сайыстарда бұданда биік жетістіктер тіледі.

Қостанайлық жауынгерлер жалпы есепте екінші орынға ие болды

Енді осы жеңіске жеткен жауынгерлерден тұратын құрама команда сәуір айында  Шымкент қаласында өтетін республикалық жарыста Ұлттық ұлан «Орталық»  өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын  айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы