Қостанайлық полицейлер жұртты 10 млн теңгеге алдаған алаяқты ұстады

10 Қаңтар 2023, 19:19
936
Бөлісу:
Қостанайлық полицейлер жұртты 10 млн теңгеге алдаған алаяқты ұстады

10 қаңтарда Қостанай қаласындағы киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 31 жастағы қала тұрғынын ұстады, ол ұзақ уақыт бойы адамдарды алдап келген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті азаматтардың дербес деректерін пайдалана отырып, әлеуметтік төлемдер алу және көмек көрсету сылтауымен оларға екінші деңгейдегі банктерде тауарлық несиелер ресімдеді. Мәселен, өткен жылдың қараша айында ол Қостанай тұрғынына несие рәсімдеген. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның үйіне келіп, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсететінін айтып, сол себепті одан жеке куәлік сұраған. 

Сендіру үшін ол жаңа жыл қарсаңында азық-түлік жиынтығы мен балаларға сыйлықтар берілетінін түсіндірді. Куәліктің көшірмесін алғаннан кейін ер адам қажетті құжаттарды рәсімдеуге уәде берді. Әйел өзіне ресімделген тауарлық несиені бір аптадан кейін, банктердің бірінің қосымшасында көрді, қарыз сомасы 1,1 млн теңгені құрады. 

Осы сомаға ер адам қымбат телефон мен оған аксессуарларды рәсімдеген. Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімі күдіктіні ұстады, 190-баптың 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын 12 ұқсас эпизод бойынша күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы