Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше жедел келген өрт сөндірушілер 5 ш.м.. алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - деп жазылған хабарламада.
Соынмен қатар, ТЖМ өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.м