Қостанайда тұтқындарды тасымалдайтын көлік жол апатына ұшырады

Қостанайда полиция көлігі жол апатына ұшырады: Екі адам зардап шекті.

Бүгiн 2026, 18:48
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев Бүгiн 2026, 18:48
Бүгiн 2026, 18:48
239
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

16 маусымда Қостанайдағы Баймағамбетов пен Гоголь көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Апат салдарынан екі адам зардап шеккен.

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. 

Жол-көлік оқиғасы фактісі Баймағамбетов және Гоголь көшелерінің қиылысында «Jac» және «Chevrolet Cobalt» автокөліктерінің қатысуымен орын алды. Салдарынан екі адам зардап шеккен оқиғаға байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Баймағамбетов көшесімен арнайы қызметтік тапсырманы орындау барысында жарқылдақ маяктарын қосып келе жатқан қызметтік «Jac» автокөлігінің жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Гоголь көшесімен жасыл бағдаршам белгісіне сәйкес қозғалып келе жатқан «Chevrolet Cobalt» автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын айтты. 

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі әйел көз жұмды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Бурабай маңында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртенді: екі адам жансақтауда

Арыста бір отбасы мүшелерін қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды

 

Наверх