Бурабай маңында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
125
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті.

Облыстық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 маусым күні сағат 13:10 шамасында Щучинск – Бурабай автожолында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы автобустың жүргізушісі қолайсыз ауа райы жағдайында көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Нәтижесінде автобус Changan маркалы жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

Соққыдан кейін автобус инерциялық күшпен жол жиегіндегі ағашқа барып соғылған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны мен жағдайы әзірге нақтыланбады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Щучинск как он есть (@life_v_shchuchinske)

Наверх