Қостанай облысының тұрғыны құтырма дертінен көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, қауіпті індеттен ажал құшқан әйел Қамысты ауданының тұрғыны. Эпидемиологиялық тексеріс марқұмды мысық тістеп алғанын, кейін үй жануары жоғалып кеткенін анықтады.
Дәрігерге жедел қаралмауы да қайғылы жағдайға ұшыратып отыр. Вирус бірнеше ай бойы білінбей ағзаға дендеген, – дейді департамент өкілдері.
Аудан тұрғыны бір ай бойы Лисаков қалалық ауруханасында ем алған.