Жол апаты Қостанайда болды. Салдарынан 3 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.
Желіде тараған видеода қоғамдық көліктің ағашқа да соғылғанын көруге болады.
Оқиға салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы мен автобус жүргізушісі зардап шекті.
Жол апатының видеосы kostanay_news парашасында жарияланды.
Еске сала кетейік, 2 маусымда кешкі уақытта Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Астанада жол апаты болып, 15 жолаушы, соның ішінде 6 бала зардап шекті. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр екендігі айтылды.
Сонымен қатар №1 автопарк жол апатында зардап шеккен Алуа Бекен есімді қыздың жағдайына байланысты пікір білдіріп, аяғынан айырылған қызға өмір бойы төлем жасаудан бас тартты.
Автобуспен байланысты тағы бір жол апаты 2025 жылғы 12 маусымда да орын алған болатын. Астанада маршруттық автобус пен Toyota маркалы жеңіл көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан автобустың екі жолаушысы зардап шеккен еді.