Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Автобус апаты: Екі аяғынан айрылған қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтерге сертификат табысталды

9 Маусым 2025, 18:40
3327
Бөлісу:
 Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы  жол апатынан кейін екі аяғынан айрылған қыз баланың отбасына төрт бөлмелі пәтерге сертификат табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады.

2 маусым күні кешке Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылған еді.

Еске сала кетейік, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы