Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Қостанайдағы тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар қарияның мәйіті табылды. Көп ұзамай полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Оның жасы кім-кімді де таңғалдыруы мүмкін.

 видеодан алынған кадр 5 Қараша 2026, 14:53
5 Қараша 2026, 14:53
168
Фото: видеодан алынған кадр

Қостанайда 86 жастағы ер адамның өліміне байланысты күдікті ұсталды. Ол – кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 30 қазанда Қостанай қаласындағы Көбеев көшесінде болған. Тұрғын үй аулаларының бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 86 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын болып шықты, – деп хабарлады полициядан.

Полиция мәліметінше, 17 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде қарияның аулада орындықта отырған кезінде тамағына пышақ жарақаты салынғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда полиция бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Еске салсақ, Шымкентте есірткі дүкенінің курьері болды деген күдікпен жас жігіт ұсталды. Оның жалдамалы пәтерінен және қала аумағындағы жасырын орыннан жалпы салмағы 200 грамнан асатын мефедрон тәркіленді.

Ал Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шу шығарған тұрғын полиция шақыртуына келген тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті. Тіпті бір полицейді басынан ұрған.

Тағы оқи отырыңыздар: «Барниге» бола шыққан жанжал: Алматыда Мадинаның мәйітін қайта қазып алды 

Қызылордада із-түссіз жоғалған 65 жастағы ер адамның мәйіті табылды 

Қазақстан тарихында алғаш рет қыз жауынгер «Бүркіт» арнайы жасағына қызметке кірісті  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@polisia_kostanay)

Наверх