Қостанай облысында интернет-алаяқтықты ашу жұмыстары жаңа форматқа көшті

3 Шілде 2023, 13:31
710
Бөлісу:
Қостанай облысында интернет-алаяқтықты ашу жұмыстары жаңа форматқа көшті
Фото: Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында барлығы 539 интернет-алаяқтық тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кибер алаяқтар құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан өздерінің жеке деректерін беруді жалғастыратын және өз қаражатынан айырылатын азаматтарды алдаудың жаңа әдістері мен тәсілдерін әр уақытта табады. Интернет-алаяқтармен бірге цифрлық технологиялар саласындағы осы қылмыстардың алдын алу үшін полицейлер де уақытпен қатар жүруде. Ол үшін ІІМ осы жылдың көктемінде “CyberPol” пилоттық жобасын іске қосты. Осыған ұқсас жоба Қостанай облысы ПД-да маусым айының ортасынан бастап жұмысын бастады.

Департамент базасында ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған қылмыстарды ашу және тергеу үшін cyberpol соққы-нысаналы тобы құрылды. Оған барлығы 4 тергеуші мен үш жедел уәкіл, сондай-ақ Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмылдырылды. Олардың барлығы тек жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға маманданған6 – деп атап өтті Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Магыпаров. 

Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында барлығы 539 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 121-і ашылды. Полиция қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, азаматтар алаяқтардың айла-амалдарына түсуді жалғастыруда. 

Негізгі әдістер банктердің, күш құрылымдарының жалған қызметкерлерінен қоңыраулар болып қала береді. Сонымен қатар инвестициялық компанияларға қаржы салу туралы ұсыныстармен қоңыраулар келіп түседі. Сондай-ақ азаматтар жарнамалық сайттарда орналастырылған жарнамаларға сенуді жалғастыруда және тауар үшін алдын ала төлемді аударуда. Кейіннен бұл жарнама берушілер байланысқа шықпайды.

Өзгелердің жаңалығы