Қошанов Иран президентін жерлеу рәсіміне қатысады

22 Мамыр 2024, 10:06
555
Бөлісу:
Қошанов Иран президентін жерлеу рәсіміне қатысады
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, - деді Мәжілістің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, тікұшақ апатына қатысты тың деректер шыққаны туралы осыған дейін жазғанбыз. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, Президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты.

Ал Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы