Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды

21 Мамыр 2024, 05:12
665
Бөлісу:
Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды
Фото: report.az

Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tasnim агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Иранның көсемі аятолла Али Хаменеи ел президенті Ибрахим Раисидің қазасына байланысты жалпыұлттық аза тұту бес күнге жалғасатынын мәлімдеді.

Өз мәлімдемесінде Али Хаменеи Иран президентінің "азапты" өліміне байланысты қатты қайғырғанын жеткізді.

Еске салайық, Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан елдің мемлекет басшысы, оның қасында болған сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, аятолла Мұхаммед Али Але-Хашем, Шығыс Әзірбайжанның губернаторы Малика Рахмати мен тікұшақтың экипаж мүшесі қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы