Қос азаматтық алғандар жауапқа тартылды

1 Ақпан 2024, 07:46
816
Бөлісу:
Қос азаматтық алғандар жауапқа тартылды
Фото: baq.kz

Қос азаматтықа ие болу жағдайлары жиі кездеседі. Кейінгі бес жылда 3657 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәлірек айтсақ, 2019 жылы 449 адам ұсталып, оның 393-і айыппұл төледі, 56-сы елден шығарылды. Ал 2020 жылы 585 адам жауапқа тартылған. 2021 жылы тіпті 2 есеге жуық көбейген. Нақтырақ айтсақ, 1118 адам. Ал 2022 жылы – 841, былтыр 2023 жылы 664 адам жауапқа тартылды. Оның 518-і айыппұл төлеп, 146-сы елден шығарылды.

Айта кетейік заң бұзғандардың көбі Ресей азаматтығын қабылдаған адамдар.

Өзгелердің жаңалығы