Қорғаныс министрлігіне Түркия Қарулы күштерінің делегациясы келді

18 Шілде 2023, 23:30
1295
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігіне Түркия Қарулы күштерінің делегациясы келді
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшылығының түрік әріптестерімен хаттамалық кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов ТР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы армия генералы Мұса Авсевермен және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.

Қорғаныс министрлігіне Түркия Қарулы күштерінің делегациясы келді

Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективалары мәселелерін талқылады.

Қорғаныс ведомстволарының өкілдері де әскери-техникалық ынтымақтастық саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың жоспарлы түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы