Қорғаныс министрінің орынбасары әскердегі ұлы туралы айтты

Асқар Мұстабековтің айтуынша, оның ұлы қазір шекара қызметінде борышын өтеп жүр және әскерден кейін келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бүгiн 2026, 12:18
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 12:18
Бүгiн 2026, 12:18
242
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мәжіліс кулуарында қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков қазір Қазақстан әскерінде өзінің ұлы Отан алдындағы борышын атқарып жүргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері ведомство өкілінен баласының әскери қызметке көзқарасы туралы сұрады. 

Бір ұлым қазір шекара қызметінде борышын өтеп жүр, – деді ол. 

Мұстабеков ұлының әскери қызметке қатысты шағымы жоқ екенін және қызметін әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Шағымданбайды. Әскерден кейін келісімшарт бойынша қызметте қалмақ. Бұл – өзінің шешімі, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Бұған дейін әскердегі тәртіпті енді жасанды интеллект бақылайтыны айтылған еді.

Сондайй-ақ, әскердегі азық-түлікке киік еті қосыла ма деген сұраққа министрлік жауап берді.

Наверх