ҚазҰУ-да тағы да қайғылы жағдай: Бірінші курс студенті қаза тапты

Оқиғаға байланысты Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 16 Қараша 2026, 13:18
16 Қараша 2026, 13:18
69
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полицияның мәліметіне сәйкес, аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп жауап берді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі редакция сауалына.

Айта кетейік, бұған дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі университеттің География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болғанын растаған еді.

Оқу орны марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтып, құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ университет басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсетіп жатқанын хабарлаған.

Наверх