Парсы шығанағы елдері Ираннан өтемақы талап етті

Кеңес бас хатшысы Иран шабуылдары салдарынан 7 мыңнан астам зымыран мен дрон қолданылғанын айтып, келтірілген залал үшін өтемақы талап етті.

 istockphoto.com 15 Қараша 2026, 12:51
15 Қараша 2026, 12:51
170
Фото: istockphoto.com

Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Ираннан өңірге келтірілген залал үшін өтемақы төлеуді талап етті.  

Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің (ССАГПЗ) бас хатшысы Джасем Мұхаммед Әл-Будайви БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігіне, егемендігі мен аумақтық тұтастығына жасалған кез келген қол сұғушылықты қабылдамайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл елдерге жасалған шабуылдар халықаралық құқықты өрескел бұзу болып саналады әрі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

2026 жылғы 28 ақпаннан бастап ССАГПЗ-ға мүше мемлекеттер Иран тарапынан шабуылдарға ұшырады. Оларға 7 мыңнан астам зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған. Шабуыл нысанасына әуежайлар, теңіз порттары, энергетикалық инфрақұрылым нысандары, электр станциялары мен суды тұщыландыру қондырғылары, сондай-ақ тұрғын аудандар мен азаматтық инфрақұрылым кірді. Салдарынан адамдар зардап шегіп, инфрақұрылымға айтарлықтай залал келді. Парсы шығанағы акваториясының теңіз ортасына да елеулі зиян тиді, – деді ол.

Джасем Мұхаммед Әл-Будайви ССАГПЗ атынан бұл шабуылдарды тағы да айыптап, олардың салдары үшін Иранға толық жауапкершілік жүктеді.

Сондай-ақ ол Ираннан заңсыз әрекеттер салдарынан келтірілген залал, шығын мен жарақат үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Наверх