Қазақстанда автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салына ма? Министрлік жауап берді

Көлік министрлігі жауап берді.

 pixabay 15 Қараша 2026, 02:22
15 Қараша 2026, 02:22
60
Фото: pixabay
Көлік министрлігі автобустарға балалар арбасымен кіруге тыйым салынады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік мамандарының түсіндіруінше, автобус іші лық толған жағдайда балалар арбасын жинап қою қарастырылған. Бұл ретте ата-анаға бос орын болуы және арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Алайда ата-анаға арбаны жинау ыңғайсыз болса, оны ашық күйінде қалдырып, сапарын жалғастыра алады.

Министрлік мұндай жағдайда айыппұл салу, автобустан түсіру немесе басқа да жаза қолдану қарастырылмағанын мәлімдеді.

Наверх