"Қазгидромет" төрт қалада ауаның ластануы туралы ескерту жасады

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия), олар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.

 pixabay Бүгiн 2026, 08:50
Бүгiн 2026, 08:50
229
Фото: pixabay

2026 жылғы 22 маусымда елімзде төрт қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп жазды «Қазгидромет» 

Синоптиктердің мәліметінше, 22 маусымда ҚМЖ Алматы мен Талдықорған қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Қарағанды мен Теміртау қалаларында күтіледі.

ҚМЖ деген не?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия), олар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.

Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, бұл адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейіне әсер ететін факторлар

Ауаның ластану деңгейінің қалыптасуына ең маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Ұсыныстар

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде:

ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар немесе басқа ластану көздеріне жақын жерлерде;

балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;

ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу, дене шынықтыруды жабық спорт кешендерінде өткізу.

Наверх