Қазгидромет: Қарашада 24 градусқа дейін аяз болады

3 Қараша 2024, 07:52
4677
Бөлісу:
Қазгидромет: Қарашада 24 градусқа дейін аяз болады
Фото: pixabay.com

Еліміздің кей өңірлерінде қараша айында күн күрт суытуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, күздің соңғы айында жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, сонымен қатар жауын-шашын күтіледі: оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ай бойы желдің күшеюі, боран, көктайғақ пен тұман болуы ықтимал.

Қарашаның бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы көтеріледі: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан +2+8°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-тан +7+12°С-қа дейін, кейінірек температура біртіндеп түнде -2-8°С-қа, күндіз 0, -5°С-қа дейін төмендейді.Оңтүстікте 4-10 қараша аралығында жаңбыр жауады, кейбір күндері қатты жауын-шашын болуы мүмкін, ал таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Батыс аймақтарда түнде ауа температурасы +4+10°С-тан -2-7°С-қа, күндіз +7+15°С-тан -2+5°С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр, - делінген хабарламада.

Ал қарашаның екінші жартысында ауа райы күрт суытып, аяз түседі.

Суық ауа массалары келгенде термометр бағаны ең салқын күндері төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-қа дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0, -7°С-қа дейін төмендейді.Қараша айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр, - дейді Қазгидромет.

Өзгелердің жаңалығы