Қазгидромет ескертеді: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

Қазан айының алғашқы күндері: Елдің қай өңірлеріне қысқы ауа райы ерте келеді?

5 Қазан 2026, 19:30
АВТОР
 kazhydromet.kz 5 Қазан 2026, 19:30
5 Қазан 2026, 19:30
103
Фото: kazhydromet.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0,+5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды, - делінген синоптиктердің болжамында. 

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Сондай-ақ, 2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны хабарланды. 

Ал қыркүйек айында қазақстандықтарда ресми мереке күндері болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде азаматтар сегіз күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында тек төрт күн демалды.

Наверх