2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Қазақстандықтарға қазан айында неше күн демалыс болады?

16 Қыркүйек 2026, 14:40
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 16 Қыркүйек 2026, 14:40
16 Қыркүйек 2026, 14:40
145
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Қазақстандықтардың қазан айында неше күн демалатыны белгілі болды. 2026 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен қарастыратын болсақ, қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда 10 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ

25 қазан – Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. Биыл бұл күн жексенбіге сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазан күндері (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) қатарынан, яғни үш күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 24 және 25 қазан (сенбі және жексенбі) болады.

Жалпы алғанда, қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасымен тек 6 демалыс күні жиналады.

Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:

3, 4 қазан (сенбі, жексенбі);

10, 11 қазан (сенбі, жексенбі);

17, 18 қазан (сенбі, жексенбі);

24, 25, 26 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).

Еске салайық, қыркүйек айында қазақстандықтарда ресми мереке күндері болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде азаматтар сегіз күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында тек төрт күн демалды.

Наверх