ҚазАвтоЖол Кеген тұрғындарының талабына жауап берді

25 Шілде 2022, 19:35
1873
Бөлісу:
ҚазАвтоЖол Кеген тұрғындарының талабына жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Райымбек пен Кеген ауданының халқы Алматы мен Нарынқол күрежолын жауып, наразылыққа шыққан болатын.

Оның себебі осыдан екі жыл бұрын басталған. Кеген шатқалындағы 15 шақырым жолдың күреліп, қайта жөндеу жұмыстары  жүргізілмеген. Сонымен қатар осы екі ауданның барлық жолының тозуы себеп болды.

Халық бұл мәселеге қатысты жергілікті әкімдікке шағым айтып, талап қойған еді.

Жол құрылысының мұнша кешіктірілу себебі неде екенін ҚазАвтоЖол ҰК АҚ-дан сұрап білдік.

«Көкпек-Кеген-Түп» автомобиль жолының 58-63 шақырымдары аралығында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым жұмысына салғырт қарап, жосықсыз деп танылды. Қазір жаңа мердігер ұйымды анықтау үшін конкурс басталып кетті. Нәтижесі тамыз айының ортасында белгілі болмақ. Құрылыс жұмыстары мердігер ұйым анықталған соң басталады. Ал негізгі жұмыс басталғанға дейін жол грейдермен тегістеледі. Бұл шешім тұрғындардың талабына сай, - деді ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.

Өзгелердің жаңалығы