«Қазарнаулыэкспорттың» лауазымды тұлғалары ұсталды

10 Қараша 2023, 15:17
551
Бөлісу:
«Қазарнаулыэкспорттың» лауазымды тұлғалары ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

«Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы