Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені айтылды

Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы ЖІӨ-нің 4,5 пайызына тең.

Бүгiн 2026, 11:50
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 11:50
Бүгiн 2026, 11:50
146
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 17 млрд долларды құрайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 4,5 пайызына тең. Бұл туралы Мәжілісте Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі мемлекеттік сыртқы қарыз деңгейі айтарлықтай төмен көрсеткіш саналады.

Бүгінде Қазақстанның сыртқы қарызы 17 млрд доллар. Ол ЖІӨ-нің 4,5%-ы. Ол айтарлықтай төмен, – деді Мәди Такиев.

Сондай-ақ министр квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша мемлекет жауапкершілік көтермейтінін атап өтті.

Ал қалған қарыздарға мемлекет жауап бермейді. Бізде оларға мемлекеттік кепілдік жоқ, – деді ол.

Бұған дейін Қазақстан доллармен емес, жапон йенасымен миллиардтаған қарыз алмақ екені айтылған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх