Әлем елдерінің тұрақтылығы: Қазақстан АҚШ-тан кейін орналасып, қай мемлекеттерден озып шықты?

Халықаралық зерттеу 169 елдің әлеуетін саралады. Қазақстанның көрсеткіші мен Орталық Азия елдерінің рейтингіне назар аударыңыз.

2 Қараша 2026, 12:54
АВТОР
 geology.kz 2 Қараша 2026, 12:54
2 Қараша 2026, 12:54
157
Фото: geology.kz

Қазақстан World Monitor платформасы жариялаған 2026 жылғы елдердің тұрақтылығы рейтингінде 169 мемлекеттің арасында 53-орынға жайғасты. Елдің көрсеткіші 57,8 балды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зерттеу нәтижесі 2026 жылғы 1 қарашадағы деректер негізінде жасалған. Рейтинг мемлекеттердің түрлі дағдарыстарға төтеп беру, сыртқы және ішкі соққыларға бейімделу, сондай-ақ қиындықтардан кейін қалпына келу қабілетін бағалайды.

World Monitor мәліметінше, Қазақстан 79 пайыздық дерекпен қамту көрсеткішіне ие болған. Көрсеткіш бойынша еліміз АҚШ-тан (52-орын) кейін орналасып, Соломон аралдарынан (54-орын) озып тұр. Ал Өзбекстан рейтингте 39-орынға жайғасқан.

Рейтингтің алғашқы үштігіне Швейцария, Норвегия және Исландия енген. Одан кейін Дания мен Жапония орналасқан.

Зерттеу авторлары елдердің тұрақтылығын бағалау кезінде қаржылық мүмкіндіктерді, мемлекеттік институттардың тиімділігін, инфрақұрылымның жай-күйін, ресурстармен қамтамасыз етілуін және дағдарыстан кейін қалпына келу әлеуетін ескерген.

World Monitor платформасының түсіндіруінше, индекс 72 көрсеткішті 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша бағалап, оларды бірнеше өлшем мен негізгі бағыттарға біріктіру арқылы қалыптастырылады.

Айта кетейік, бұл рейтингті World Monitor зерттеу тобы әзірлейді. Ол халықаралық ұйымдардың ресми рейтингі емес, платформаның жеке зерттеу көрсеткіші болып саналады.

Тағы оқи отырыңыз: Әлемнің үздік 50 елінің қатарында: Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингінде Франция мен Италиядан озды 

Қазақстан Франция мен Қытайдан озып кетті: Еліміз әлемдік рейтингтерде қай жағынан көш бастап тұр? 

ХВҚ рейтингі: Қазақстанның экономикасы Орталық Азиядағы төрт елдің жиынтық көрсеткішінен жоғары 

Наверх