Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанның 10 өңірі ауыз сумен 100 пайыз қамтылды

1 Шілде 2025, 10:20
1326
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде қала халқының 99.3%-ы және ауыл тұрғындарының 97,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

10 өңірде ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға  жетті. Бұлар – Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының қалалары мен  Маңғыстау облысының ауылдары, - деді Ерсайын Нагаспаев.  

Еліміздегі 90 қаланың 73-і 100% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 17 қала осы жылдың соңына дейін сумен толық қамтамасыз етіледі.

Еліміздегі 6 148 ауылдың 5 679-ы су құрылғыларымен жабдықталған.

Оның ішінде:

  • 4 420 ауылдық елді мекен орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, 1000-ға жуығында кешенді блок-модульдер орнатылған.
  • 260 шағын ауылдық елді мекен құдық суын  пайдаланады. Ал, кейбір алыс ауылдарға су, тасымалдау арқылы жеткізіледі.

Қазірде қалған 469 ауылдың:

  • 245-і республикалық бюджет пен арнайы мемлекеттік қор қаражат есебінен орталық су тарту жүйелеріне қосылуда.
  • 224-іне жергілікті бюджет есебінен кешенді блок-модульдер орнатылатын болады.
Өзгелердің жаңалығы