Қазақстаннан Қытайға ядролық отынның екінші партиясы жіберілді

7 Маусым 2023, 01:45
662
Бөлісу:
Қазақстаннан Қытайға ядролық отынның екінші партиясы жіберілді
Фото: ult.kz

Өскеменде іске қосылған өндіріс кешенінің арқасында атом реакторына арналған жылу бөлгіш құрамалар экспортының қарқыны ұлғайды. Кәсіпорын көрші елдің сұранысын қамтуға қауқарлы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл жылу бөлгіш құрамалар түрінде 200 тонна уран өндірілсе, алдағы жылдары бұл көрсеткішті екі есе арттыру көзделген.

Өйткені біздің өнімді тұтынатын Қытайда 2025 жылға дейін атом реакторларының қуаты арта түседі. Онда жыл сайын шамамен 6-8 энергоблок салынады. Ал дәл қазір 54 станция жұмыс істеп тұр.

Бүгінгі күні жылу бөлгіш құрамаларды өндіру зауытының қауқарын арттыруға технологиялық мүмкіндік жеткілікті. Яғни Қытай еліне экспортты екі есе арттыруға болады. Еліміздің атом энергетикасы саласын дамытуға да атсалыса аламыз, – деді Үлбі металлургиялық зауытының бас инженері Владимир Вахненко.

Өзгелердің жаңалығы