Қазақстаннан қай елдерге тікелей рейстер бар

24 Тамыз 2023, 17:14
1440
Бөлісу:
Қазақстаннан қай елдерге тікелей рейстер бар
Фото: Нұркен Алишев - архив

Қазақстаннан қанша тікелей халықаралық рейстер және қай елдерге рейстер орындалатыны жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі құлақдар етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

581 тікелей халықаралық рейс Қазақстаннан апта сайын жүзеге асырылады. Тікелей әуе қатынасы 117 бағыт бойынша 31 мемлекетке орындалады.

Атап айтқанда рейстер

  1. Түркия,
  2. БАӘ,
  3. Грузия,
  4. Германия,
  5. Египет,
  6. Оңтүстік Корея,
  7. Нидерланды,
  8. Польша,
  9. Ұлыбритания,
  10. Мальдив аралдары,
  11. Таиланд,
  12. Вьетнам,
  13. Катар,
  14. Кувейт,
  15. Моңғолия,
  16. Үндістан,
  17. Иран,
  18. Пәкістан,
  19. Бахрейн,
  20. Оман,
  21. Черногория,
  22. Греция,
  23. Италия,
  24. Қытай

2023 жылдың көктем–жаз маусымының басында Анкара мен Мединаға жаңа рейстер ашылды. Жыл соңына дейін Куала – Лумпурға (Малайзия) рейстерді қайта бастау және Тель-Авивке (Израиль), Джиддаға (Сауд Арабиясы) және Карачиге (Пәкістан) жаңа маршруттар ашу жоспарлануда. Ал 2025 жылға қарай Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк, Бұқара, Прага және басқа да шетелдік қалаларға рейстер ашу жоспарланып жатыр, – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар визасыз бірнеше елге бара алады.

365 күнге дейін визасыз қолжетімді елдер:

Грузия.

180 күнге дейін визасыз қолжетімді елдер:

Армения;

Сент-Винсент және Гренадин аралдары.

90 күнге дейін визасыз қолжетімді елдер:

Албания;
Колумбия;
Коста-Рика;
Молдова;
Моңғолия;
Намибия;
Ресей;

Түркия - 180 күн ішінде 90 күнге дейін визасыз;

Украина.

30 күнге дейін визасыз қолжетімді елдер:

Әзірбайжан;
Беларусь;
Қырғызстан;
Мальдив Республикасы;
Тәжікстан;
Аргентина;
Бразилия;
Индонезия;
Корея;
Малайзия;
Біріккен Араб Әмірліктері;
Өзбекстан (5 күннен артық болған жағдайда құзырлы органдарда тіркелу қажет);
Филиппин;
Эквадор;
Сербия;
Черногория (тек жазғы маусымда - 1 сәуірден 31 қазанға дейін).

28 күнге дейін визасыз қолжетімді елдер:

Барбадос;
Гонконг (14 күнге дейін);
Иран Ислам Республикасы (14 күнге дейін);
Оман сұлтандығы (14 күнге дейін).

Өзгелердің жаңалығы