Қазақстанға тіл тигізген шетелдік Орал әуежайында ұсталды

Көліктегі полиция шетелдікті қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартты.

 polisia.kz 8 Қазан 2026, 20:35
8 Қазан 2026, 20:35
408
Фото: polisia.kz

Орал әуежайында 52 жастағы шетелдік Қазақстанға қатысты бейәдеп сөздер айтып, балағаттағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам Стамбул – Орал рейсімен келген. Паспорттық бақылаудан өту кезінде ол Қазақстанды қорлап, боғауыз сөздер айта бастаған.

Көлік полициясының қызметкерлері шетелдікті ұстап, кезекші бөлімге жеткізді. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, айыппұл салды. Полиция ер адамның қай елдің азаматы екенін және нақты қандай сөздер айтқанын нақтылаған жоқ.

Сондай-ақ шетелдікпен ҚР қолданыстағы заңнама нормалары мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндіре отырып, алдын алу әңгімесі жүргізілді.

Соттың шешімімен шетел азаматы құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, құқық бұзушыға болашақта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасалды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Әйелімен жанжалдасқан блогер Ерболат Жанабылов ұсталды

«Қаралы күнге» тіл тигізді: Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Полиция ғимаратын «миналаған» 56 жастағы тұрғын ұсталды

Наверх