Қазақстанға Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді

7 Сәуір 2023, 09:15
779
Бөлісу:
Қазақстанға Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді
Фото: qazaqstan.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы