Қазақстанға Египеттің әуе компаниясы қатынайтын болады

11 Наурыз 2023, 11:53
785
Бөлісу:
Қазақстанға Египеттің әуе компаниясы қатынайтын болады

Египеттің "Air Cairo" әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп "Air Cairo" египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. 

Осылайша, "Air Cairo" әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр.  

Өзгелердің жаңалығы