Қазақстандықтардың қор биржасында 1 млн-ға жуық шоты бар

24 Ақпан 2023, 13:50
696
Бөлісу:
Қазақстандықтардың қор биржасында 1 млн-ға жуық шоты бар

Қазақстандықтардың қор биржасында 1 млндай шоты бар. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы АҚ басқарма төрағасы Алина Алдамберген мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан қор биржасы - жүйені белгілейтін институт. Қаржы секторының барлық процесі біз арқылы өтеді. Сондықтан біз клиенттеріміздің сеніміне кіреміз. Олар біздің институционалдық инвесторларымыз. Оның қатарында банктер, брокерлер де бар», - деді Алина Алдамберген.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда жеке тұлғалардың қор нарығына жиі қатысуы трендке айналды.

«Қазір орталық депозиттерде немесе банк қосымшалар арқылы ашылған шоттардың жалпы саны шамамен 1 млн. KASE негізінен ірі компания және банктермен жұмыс істейді. Ал банктер жеке тұлғаларды тартады», - дейді KASE басшысы.

Өзгелердің жаңалығы