Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша 13 жылдық рекордты жаңартты

15 Наурыз 2024, 03:40
601
Бөлісу:
Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша 13 жылдық рекордты жаңартты
Фото: baq.kz

Қазақстандықтар 2023 жылы жылқы етін тұтыну бойынша 13 жылдық рекордты жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Бірінші несиелік бюросының деректер хабына сілтеме жасап.

2023 жылдың соңғы үш айында Қазақстанда жылқы етін жан басына шаққандағы орташа тұтыну 1,97 кг құрады, бұл – 2011 жылдың басынан бері кез келген тоқсандағы қолда бар статистиканың барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш.

2022 жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 5%-ға өсті. Мысалы, он жыл бұрын қазан-желтоқсан айлары аралығында жылқы етін тұтыну бірден 81%-ға өскен. Соңғы жылдары жылқы етін тұтыну өсу тенденциясын көрсетті.

Өткен тоқсанда статистикада көрсетілген еттің барлық түрлерінің ішінде жылқы етін тұтыну сиыр етін тұтынудан ғана артта қалды. Қазақстандықтар орташа есеппен 6,61 келі сиыр етін жеді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7% артық және 2015 жылдың төртінші тоқсанындағы рекордтық көрсеткіштен 6,68 келіге сәл ғана аз.

Өзгелердің жаңалығы