Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

1 Қазан 2023, 17:14
5749
Бөлісу:
Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

Қазан айында демалыс күндері мен мерекені қоса алғанда 10 күн демалыс бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл қазанның алғашқы күні жексенбіге түсті. Сондай-ақ бүгін, 1 қазанда бірнеше мереке аталып өтуде – Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні.

Сонымен қатар алда Ұстаздар күні мерекесі келе жатыр. Айта кетсек, биыл Оқу-ағарту министрлігі 5 қазанды Ұстаздар күні етіп бекітті.

Еске салайық, 1 қазан және 5 қазандағы мерекелерде демалыс жарияланбайды.

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар сәрсенбі күні демалады.

Республика күні өткен жылы мерекелер тізіміне қайта енгізіліп, ұлттық мейрам дәрежесі берілген еді.

Сонымен қазан айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады. Күнтізбеге сәйкес 9 күн демалыс және 1 күн мереке.

Өзгелердің жаңалығы