Қазақстандықтар Албанияға визасыз саяхаттай алады

23 Қыркүйек 2022, 21:30
1087
Бөлісу:
Қазақстандықтар Албанияға визасыз саяхаттай алады

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобы министрлерінің жыл сайынғы кеңесінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтті. Сол күні министр бірқатар келіссөздер жүргізді.

ҚР СІМ сайтында хабарланғандай, Албаниямен келіссөздер қорытындысы бойынша визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар Доминикан Республикасымен ұлттық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ Парагваймен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы